«Пәктік сату» бизнесі… бізде де бар ма.
Дүниеде сатылмаған ештеңе қалмады. Басқасы басқа, бұрын батыста адамдар өз ағзасын — бауыры, бүйрегі секілді денесінің бір бөлшегін сатады дегенді естіп, жағамызды ұстайтынбыз. Қазір оған етіміз өлді — себебі бүйрегін аукционға шығарғандай саудаға салған жағдайларды өз елімізде де көріп жатырмыз.
Батыстан басталған бейәдеп нәрсенің бәрі жер бетіндегі басқа елдерге тарақандай тарап, қуыс-қалтарысты түк қалдырмай жаулайтыны қорқынышты. Қорқып, қауіп етіп айтып отырған мына мәселеге үңілсеңіз, бүйрегін саудаға шығарғанмен «жылап көріспеске» шараңыз қалмайды:
Қыздар пәктікті сата бастады! Орыс тілінен тіке аударсаң, пәктік, «девственность», яғни «қыздық» болып шығады, ал астарлап сөйлейтін қазақ мұны олай бадырайтпай, қыз баланың ары мен ұятына балаған. Таразыға арын тартқан әлем саудасына еніп кетуден сақтасын…
Былтыр әлемді шулатқан Бразилияда өз пәктігін 780 000 долларға бағалаған бикештің интернеттегі жарнамасына жемтік көрген жыртқыштай жапа-тармағай хат жазған ер адамдарда есеп болмапты. Барлығы да батыстағы «сирек кездесетін тауарға» барын беретіндіктерін айтқан көрінеді. Ақыры 20 жастағы Катарина Мильоринидің ар-ұяты түскен аукцион «лотын» жапондық жеңіп алыпты деседі. Бұл бейбақ қыз мұндай қадамға Санта штатындағы көмекке мұқтаж кісілерге қаржылай көмектесу үшін барғанын айтады.
19 жастағы жаңазеландиялық тағы бір бойжеткен оқуға ақша жинау үшін интернет-аукцион арқылы 31 мың долларға алғашқы түнін құрбан етіп жіберген.
18-ін әрең болдырған британдық Рози Рейд пәктігін 13 000 долларға, италиялық модель Рафаэль Фико 1,8 миллион долларға бағалаған. Оқуға ақша керек болған румыниялық 18 жастағы Алина Перча 45 жастағы біреуге «тазалығын» 8 мың 782 фунт стерлингке қолма-қол сатып жіберсе, іргеміздегі Ресейдің 18 жастағы қызы ұятын интернет-аукционға салып, 10 мың доллар сұраған. Омск мәдениет институтының бұл студенті: «Пәктігімді қымбатқа сатамын. Маған махаббат керегі жоқ, театр институтына түсуге ақша керек» депті жарнамасында. Интернетке кіре қалсаң, мұндай жарнама толып жатыр. Тура бір үй сатамын, көлік сатамын деген секілді. Жас ерекшелігін, сыртқы түр әлпетін әспеттеп жазған бикештер «дөрекі адамдар мазаламасын» деп талап қояды тағы. «Бейкүнә қыз іздеп жүрмін. Оны қайдан табуға болады? Ол қанша тұрады? Қанша болса да, төлеуге дайынмын» деген жарнамаларды да көруге болады.
Дерек бойынша, интернет арқылы пәктік сату идеясын алғаш рет америкалықтар бастаған көрінеді. Осыдан алты жыл бұрын Массачусетс штатының күнти қыздары «қыздықтарын» пышақ үстінен үлестірген. «Тірі», тіпті кей елдерде «экзотикалық тауар» деп атайтын пәктік бизнесі… бақсақ… мына соры қалың кәрі әлемде баяғыдан бар болып шықты.
Ежелгі дүниеде, әсіресе, орта ғасырлардағы Жапонияда жезөкшелерден әлдеқайда жоғары сатыда тұрған деп есептелінген гейшалар өз пәктіктерін сатуды арнайы шара ретінде атап өтетін болыпты-мыс. Гейшалар мен юдзелердің (юдзе — жапон тарихындағы жезөкшелер мен куртизанкалардың жалпы атауы, «ләззат алуға арналған әйелдер» деген мағына береді) жасы келген кезде «ересек өмірге араластыру» салтын сол заманда жапондар мидзуагэ деп атаған. Мидзуагэ салтының мақсаты — балиғатқа жеткен қыздың қызығынан айыру арқылы клиенттерді таныстыру һәм сол үшін алғашқы ақыны алу. Қожайынының «патиқасын» алған қыз сол шарада қыздық пердесін пида қылып, «үлкен өмірге» аяқ басқан деседі. Осы салтанаттан сәтті өткен қыз нағыз гейша атағын алған. Он екіде бір гүлі ашылмаған 11-15 жастағы қыздардың «қызығы» мидзуагэ барысында арнайы аукционға қойылатыны айтылады энциклопедияларда.
Ия, одан бері де біраз уақыт өтті. Уақыттың ең үлкен олжасының бірі болып отырған интернет жақсылықтың да, жамандықтың да жаршысы болып үлгерді. Енді қыздар «мидзуагэ» өткізбей-ақ, интернет арқылы бір жарнама беріп, «мұратына» жетіп жатыр. «Сатып алушылар» негізінен жас әрі әдемі қыздарға қызығады екен.
Мұндай масқара қазақ жеріне келіп үлгерген жоқ. Алайда… арын ашықтан-ашық ақшаға айырбастамағанымен, тәнін жалпақ жұртқа сауын айтып, жария түрде аукционға қоймағанымен… қолма-қол қаржы үшін денесін сатып, дегенін жасап жүргендерді жоқ деп төтесінен кесіп айта алмайсыз. Балиғат жасына келмеген жас қыздардың — он екіде бір гүлі ашылмаған жас өскіннің жауқазын денесін жасыл ақшаға сатқан сутенерлер, өкінішке қарай, қазақ арасынан да шықты.
— Былтыр Ақтөбеде осындай оқиға болды. Ақтөбелік Шолпан Мырзағалиева жарты жылдай уақыт бойы жасы 16-20 арасындағы қыздарға «жеңгетай» болған. Күдікті әйел былтыр мамырдың 17-сі күні балиғат жасына жетпеген жас қызды 30 мың теңгеге саудалап тұрған жерінен қолға түсті. Жыл басында өткен сот отырысында 33 жастағы күдікті әйел мен оның сыбайласы 21 жастағы Ахат Нығметов кінәлі деп танылып, бас бостандықтарынан айырылды.
Сот үкімінде айтылғандай, алты жылға бас бостандығынан айырылған Ахат Нығметов 18 жасқа толмаған қыздармен интернет арқылы танысып, кездескеннен кейін оларды қорқытып, үркітіп, денесін саудаға салуға мәжбүр еткен. Интим-бизнестің негізгі ұйымдастырушысы деп танылған Шолпан Мырзағалиева төрт жылға бас бостандығынан айырылды,— дейді Ақтөбе облыстық ІІ департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайда.
Іс материалдарында айтылғандай, клиенттер арасында етегін жел көтермеген 18 жасқа дейінгі қыздар үлкен сұранысқа ие болған. Ол қыздарды сабақтан алып кетіп отырған, қыздарды алғашқыда 300 мың, одан кейінгі уақыттарда 30 мың теңгеге өткізіп отырған.
Тіпті сутенер ханым клиенттерге жағу үшін жергілікті жеке медициналық орталықтардың бірінде кейбір қыздардың ар-ұятын медициналық жолмен қалпына келтіріп, екі мың долларға қайта сатқан деседі. Ол «тауарларын» Ақтөбе ғана емес, Ақтау, Орал, Атырау, Астана, Алматы қалаларына да жөнелтіп отырған. Абырой болғанда, клиенттердің бірі Шолпанның интим-қызмет үшін 16 жастағы қыз баланы алып келгенін полицияға жеткізген. Іс бойынша жәбірленуші болған жеті қыздың бесеуі 14-17 жас аралығындағылар екен.
Мұндай сұмдық оқиға еліміздің басқа өңірлерінде де кездесті…
… Адалдық идеал болудан кеткен қоғамда пәктік, қыз баланың ар-ұяты, болашақ ананың тазалығы деген ұғымдар аса бағаланбайтын… жооо-ооқ, ақшаға ғана бағаланатын, сатылатын, қажет болса, қайта қалпына келтіріліп сатылатын болды!
Тазалығынан айырылып қалған қыздардың қармайтын талы — гименопластиканың да тасы өрге домалап тұр қазір. Егер болашақ жарыңыз, анау айтқандай, «ескі көзқарастағы» еркек болса, онда амал жоқ — пластикалық хирургке баруға мәжбүрсіз, ол сізді пәк, перизат қалпыңызға қайта келтіре алады. Түсінікті айтсақ, қыздық пердені қайта тігіп, қалпына келтіреді. Және оның құны аса қымбат та емес көрінеді. Бір «қызығы», бұл да Ежелгі Римде басталған деседі. Басқа елдердегідей, қазақстандық қыздар да гименопластиканың көмегіне жүгінуді баяғыда-аа бастап кеткен.
— Осыдан бес жыл бұрын гименопластика жасату үшін қыздар келетін-ді. Олардың қатарында жас қыздардың саны басымырақ болды. Соңғы бес жылда бір де бір қыз пәктікті қалпына келтіруге келмеді. Бұл не деген сөз? Бұл мәселенің (яғни пәктікті сақтау — ред.) аса маңызды емес екендігін көрсетеді, — дейді тәжірибелі гинеколог В.Абраменко.
Жалғанды жалпағынан басып, әбден жолынан тайған әккі әйелдердің — бір еркектің жасанды, өтірік «ары мен ұяты» болуы үшін гименопластиканың көмегіне жүгінетін жағдайлар да жиі болады екен. Бұл қызметті ұсынатын гинекологиялық кабинеттер еліміздің түкпір-түкпірінде бар көрінеді. Бірақ, бәрібір, жүрегіңде жоқ ұятты «тігіп» қалпына келтіруге болмайды емес пе…
Жатырынан қағынған жас балалар сол 12-13 жасынан-ақ алғашқы түннің дәмін татып үлгеріп жатыр. Еліміздің бір емес, барлық облысындағы гинекологтар жасөспірім қыздардың бес жасамай жатып балалы болып жатқандарын айтып дабыл қағуда. Қазір қыздың пәктігін сақтау екінші, үшінші, тіпті оныншы планға ысырылды, бірінші орынға — олардың жүкті боп қалмауы, ауру жұқтырып алмауы секілді мәселелер шықты. Мектептерде, институттарда жасанды түсіктің зияны, жоспарланбаған жүктіліктен сақтану жолдары туралы айтқанда мамандардың жағы талмайды. Мемлекет жыл сайын жоспарсыз жүктіліктен сақтану үшін пәленбай қаржы бөледі. Қыздарымызды қырық үйден тыюдың орнына оларға жыныстық қатынасқа түсуге «жол ашып» беріп, мүшеқаптар таратамыз…
Ол аз болса, «Пәктігіңді Алматыға келіп тәрк ет» деген мағынада («Теряя невинность в Алмате») кино түсіреміз…
Иә, айта берсе, сөз көп. Қалыңдықтың қыз күйінде, таза, абыройлы келуіне үлкен мән берген, алғашқы неке түні «неке жаулық» аталатын жайма төсек төсеп, таңертең қыздық белгіні көрген жеңгелері шешесінен сүйінші сұрап, бүкіл ауылға қуанышпен таратқан, ал егер қыз ұятты болып шықса, оны масқаралап, бетіне күйе жағып, өгізге теріс отырғызып, тесік қазан мен шүмегі сынған шәугім ұстатып, еліне қайтара отырып, қалыңмалын қайтарып алатын заман келмеске кетті.
Бұл масқара — шындық. Ал шындықты ештеңемен бүркемелеп жаба алмайсыз…
О проекте
Сайт работает в автоматическом режиме. Информация размещается без ручного редактирования. Это независимая инициатива по открытой публикации контента различного направления — от новостей до полезных подборок.
Навигация по блокам
Новости и темы
Свежие материалы и информационные поводы, разбитые по интересующим категориям.
Популярное
Наиболее просматриваемые и обсуждаемые публикации недели или месяца.
Хронология
Архивный доступ к размещённым публикациям. Сортировка по дате и теме.
Контакты
📍 г. Ижевск, ул. Сборная, д. 17А, офис 210
☎ +7 (3412) 64-11-72
📧 info@site.ru
🕓 Обращения принимаются ежедневно с 9:00 до 21:00
Правовая оговорка
Мы не являемся авторами или распространителями контента. Все материалы поступают из открытых источников в автоматическом режиме.
Если вы являетесь правообладателем — свяжитесь с нами. Мы гарантируем оперативное удаление нарушающего контента после подтверждения запроса.
Сайт не является СМИ, не распространяет информацию на коммерческой основе и не несёт ответственности за возможные совпадения.